Неге бүгін жүрек шіркін егілді?!
Бұл бетте «Неге бүгін жүрек шіркін егілді?!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әр көктемде жүрек шіркін жылынып,
Жанарымда жылт ететін жылы үміт.
Ата-анама сәлем беріп қайтушы ем,
Сағыныштың шын бағасын ұғынып.
Ауыр жолды береді екен Құдайым,
Қайда барам, төзейінші шыдайын.
Өмір ақ пен қара түстен құралған,
Алла мені қолдасыншы ұдайым.
Ұмытпаған, текті жанмын тегімді,
Неге бүгін жүрек шіркін егілді?!
Мүмкін әлде сағындым ба сол күнді,
Соңдарыңнан еріп жүрген кезімді.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі