Бауырыма – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Бауырыма» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2262
Ақ әпшенің тапқанын қаламадың,
Ажырастың, болды ғой қалағаның.
Апам сүйген келінді жіберіп ап,
Қарт шешемнің жүрегін жараладың.
Бөліскен, жастығымда қиынымды,
Бұл күнде сыйлаушының сыйы мұңды.
Не үшін сатылғанын ұмытпаймын,
Базарда мөңіреген сиырыңды.
Ойың ерек, ақылың ерек Әкім.
Әке-шеше бізге де керек, жақын.
Бір сұлуды түсіру, саған арман
Күттіруге оларды жоқ қой қақың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері