Бауырға айтқан өкпем сол
Бұл бетте «Бауырға айтқан өкпем сол» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Енді білдім, өкініштен жылармын,
Биіктермін, өкініштен құлармын.
Ағайынға қызметім артық қой,
Ұмытпасын, тауда өскен шынармын.
Алла мені ауыр жолмен қинаған,
Бауырды ойлап, жаным жылап қиналам.
Көңілдегі жырымды айтам, қайтемін,
Ішіме де, кеудеме де сыймаған.
Ағайынның тату болса бірлігі,
Солар барда өркендеймін шындығы.
Төрт қыз ғана жылап қалар, егіліп,
Бұл өмірден ғайып болсам бір күні.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі