Әкеме

Бұл бетте «Әкеме» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1142
Асырап, бағып, осы бір күнге жеткізген,
Күлкісіз күндер,
ұйқысыз түндер өткізген.
«Ақүрпек» едім, «Мұзбалақ» етіп баулыдың,
Өмірдің мәнін үйрендім әке тек Сізден.
Ақ таңым атып, көңілде көктем сән құрып.
Шаң етсе қыран, даусы құздан жаңғырып,
Ақиық бүркіт күнге де тура қарайды,
Тірліктің басы- таңғы үміт.
Болмысы ерек,
Болсын деп зерек, баптаған.
Сындарға шыдап,
Шыңдарға самғап бақ табам.
Қаныма сіңген тектінің ісін жасармын,
Құзғын болмаспын, ақтабан.
Қанатым қатпай,
Ұяда жатпай есейдім,
Қарыз бен парыз міндетім шығар, өтейін.
Қара өлең жырдың шекпенін киіп алған ем,
Шабыттың отын көсейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкеме өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Әкеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері