Серт
Бұл бетте «Серт» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тудырған әке, туған – Ол,
Жылуы бөлек алтыннан.
Өсуді ойлап жүр балаң,
Өзгермеген қалпынан.
Дұшпанның тілін тауып жүр,
Бетімен кеткен, ант ұрған.
Жеңетін әлі күшім бар,
Жолымда менің жан тұрман.
Білемін мамыр өзгеше,
Сізге де маған жақпаған.
Қара бұлт қайғы жан-жақтан,
Нөсерлі бұлттай қаптаған.
Тұлпарым шауып келмеді,
Дейсің ғой әке баптаған.
Ер емес екен дерсіз бір,
Болмасам тілек ақтаған.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі