Туған күні күзде еді анамның – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Туған күні күзде еді анамның» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 1
  • 13298
Оңала ма, тонала ма кім білген.
Қоңыр күзім сезім сырын білдірген.
Күзде соққан сырлы әуеннен оянам,
Домбыраның әуеніндей күмбірден.
Сыбызғы жел сырлы сазын шертеді.
Күз керемет,
Күз ғажайып ертегі.
Сезімімен жан дүниемді баурап ап,
Күзде мені бір тылсым күш ертеді.
Сары күрең түрге еніп бақтары,
Құм сағаттай жылжып уақыт шақтары.
Алдамшы өмір бейнесіне ұқсаттым,
Сусып түскен жапырақты бақтағы.
Қуаныш пен қатар жүрер ерде мұң.
Алтын күзден көп жақсылық көргемін.
Күзбен бірге келген едім өмірге,
Күз желімен кепкен еді жөргегім.
Түйсігімде бір ой маздап санамның,
Сыйласа да қоңыр күзім маған мұң.
Күзді сүйем,
Күз ұнайды өйткені,
Туған күні күзде еді анамның.


Пікірлер (1)

Александр

Это искусство Казахстана ?????????????????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған күні күзде еді анамның өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Туған күні күзде еді анамның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған күні күзде еді анамның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған күні күзде еді анамның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері