Құлазытып құс қайтар жылы жаққа – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Құлазытып құс қайтар жылы жаққа» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 896
Қайда қоям шу асау жүрегімді,
Мұңаюды үйреткен түнеріуді.
Жасыл өңін күз ішкен жапырақтай,
Сорып бітті сағыныш іреңімді.

Қайда қоям тап-таза тілегімді,
Көп көтеріп талдырдым білегімді.
Қара ертістің суына тастасам ба,
Үзген күні өзіңнен күдерімді.

Құлазытып құс қайтар жылы жаққа,
Күзде шықпас бұлбұлдың үні бақта.
Қысқа ғұмыр таусылар тілегімді,
Толқын ғана жалғайды тым ұзаққа.

Елеске еріп есімнен тандырғандай,
Қысқа түннің түсіне қалдым қанбай.
Елжіреген қайтейін көңілімді,
Дір-дір еткен судағы балдырғандай!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлазытып құс қайтар жылы жаққа өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Құлазытып құс қайтар жылы жаққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлазытып құс қайтар жылы жаққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлазытып құс қайтар жылы жаққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері