Бұл бетте «Ақша қар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Алматыға қалың түскен ақша қар,
Келдің бе сен Алтайдан?
Әжелердің ақ самайы секілді,
Бұл мекенді ойлай-ойлай қартайған.
Тапжылмастан туған жерді кұзеткен ,
Алтай тауым аман ба?
Ала тауға сәлем аитса ізетпен,
Тауды құшып тәмәмдә.
Пәктілікті құрбы жігіт, құрбы қыз,
Көріп қалсын өзіңнен.
Мына мекен аяқ алып жүргісіз,
Ылайланған сезімнен.
Көңілдегі өкпе назды шаң басқан,
Саған қағып кетірем.
Қарап тұрмын жанарымды алмастан,
Тұра тұршы өтінем!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі