Бауырға сыр – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Бауырға сыр» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3367
Кеше маған ағам кеште жолықты.
Қан жылаған жүрегімді сол ұқты.
Анамды ойлап, жылап алды еңіреп,
Жүрегі де қайғы мұңға толыпты.
Жолыққан жоқ,
Сымтемірдің ар жағы.
Аман болса анам, оның арманы.
Дірілдеді ұстап тұрған телефон,
Өшіруге қолым тіптен бармады.
Жылап тұрды,
Булығады өксікке,
Бірге тудық,
Бірге інім өстік те.
Сүйенерім жалғыз өзің бауырым,
Алла бізді сынай ма деп өстіп те?!
Қар жауып тұр,
Түнеріп тұр түнгі аспан.
Жаным нәзік, іздеген жан жыр-дастан.
Сол бір ойдың құшағында көміліп,
Түске дейін жатып алдым тұрмастан.
Інімсің сен, – деді – маған ұлықсың.
Сыртта жүріп өмір көрдің, шынықтың.
Түніменен ұйықтай алмай шықтым мен,
Бірде жаттым,
Бірде ояндым, тұрып шын.
Анам менің,
Алла берсін шипасын.
Өлеңімнің таппай қалдым ұйқасын.
Тірі болшы,
Көз жасымды көрші Алла,
Уайымсыз ұлың тыныш ұйықтасын.
Қайғы деген күтер сені әр тұста.
Қошемет пе,
Іздеп келген қарғыс па?!
Ер Дәуітттің бағы қонған ағам ай,
Жасы оның биыл толар алпысқа.
Деді ағам, – Биік болсын өре тым-.
Жақсылығың көп болсыншы көретін.
Өзің інім бір төбесің ерекше,
Бауырым жоқ, әрқайсыңды бөлетін.
Бір ат озып, көп жүйріктер ақсайды.
Біреуге мал,
Ал біреуге бас қайғы.
Шыдамды бол, текті ұлысың бабаңның,
Сонда сенен бақ-береке қашпайды.
Аға сөзі ойымнан бір шықпады.
Жүрек жылап, көзімнен жас шықпады.
Басу айтып бауырыма қасқайып,
Желеу айтып қойып қойдым тұтқаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауырға сыр өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Бауырға сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бауырға сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бауырға сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері