Менің түндей шаштарыма сүңгіген –
Әлия Дәулетбаева
Бұл бетте «Менің түндей шаштарыма сүңгіген» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менің түндей шаштарыма сүңгіген,
Сәуірдің ақ саусағы ғой.
Сіз емес...
Көздерімнен бір тұнжырап, бір күлер,
Ессіздіктің аңсары ғой.
Сіз емес...
Тал бойымды емін-еркін аймалар,
Сәуірдің ақ самалы ғой.
Сіз емес...
Жанды баурап жәудіреген ойлана,
Көк аспанның жанары ғой.
Сіз емес...
Таң алдында тереземді шертетін,
Сәуірдің ақ жаңбыры ғой.
Сіз емес...
Есімде жоқ ертегіге елітетін,
Тұрлаусыздау тағдырым ғой.
Сіз емес...
Түн ортасы құлағыма келген үн,
Сәуірдің ақ тырнасы ғой.
Сіз емес...
Алданғаным... сонсоң қайта сенгенім...
Жалғыз өлең-сырласым ғой.
Сіз емес...
Неге?..
Сіз емес...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі