Бұл бетте «Ақын болу – құдайдан» атты Әлия Дәулетбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Ақын болу – құдайдан,
Адам болу – қолдағы іс.
Сәттерімде мұңайған
Аздың өзі алданыш.
Өз-өзіме мен бір жау
Құты қашқан қырсығып.
Дегеніне көндірді-ау
Итшілеген тіршілік.
Тыр жалаңаш жүрегім,
Бүлкілдейді тым әлсіз.
Талайсыздың тілегін
Түсінбейтін шығарсыз...
Жүрегіме жақын мұң,
Кім бар оны елеген?
Сағы сынған ақынның
Ақыр соңы мен емен.
Түн қойнына үңілдім,
Күрсінемін құлазып.
Жөргекте өлген жырымның
Жаназасын шығарып...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі