Қайран апам

Бұл бетте «Қайран апам» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1801
Күй кешемін күзгі жаңбыр ұрғандай.
Тасқа тиді,
Тауға тиді сұрмаңдай.
Өзің еккен раушан гүлдер гүлдеп тұр,
Анам келіп гүлді сүйіп тұрғандай.
Жан едің ғой жұртты ойлаған сыйы мың.
Енді ұқтым ғой бұл жалғанның қиынын.
Аман жүрсең болғаның деп айтушы ең,
Керек емес дүниең де, тиының.
Кеткен жансың әулетіңе бақ қарап.
Өзің жайлы күнделікті ақтарам.
– Анам менің әулие екен, – деп жүрем,
Өзің айтқан сөздеріңді жаттап ап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран апам өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Қайран апам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран апам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран апам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері