Қатым дейді
Бұл бетте «Қатым дейді» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қатым дейді,
Мен оны да білмеймін.
Деген жұрт жоқ – дұрыс, бұрыс бұл мейлің, –
Құран үнін жүрегіммен тыңдадым,
Жан дүниемде толқып жатты нілдей мұң.
Өткен өмір, естелікті ақтарып.
Жадымдағы жатқан жайлар қатталып,
Жетегіңде жүрген күндер аңсатты,
Көкейімде сақталып.
Өтті жыл да, өтті айлар, өтті күн,
Анашым-ай,
Көкте жауын, төкті мұң.
«Қатым құран» оқып жатқан кезінде,
Үнсіз ғана өксідім.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі