Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1138
Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен,
Жандардың жайын,
Пейілін оның түсінем.
Ағаның айтқан ақ жолын ұқпас жандарды,
Қар ұрған шөпке теңеймін оны, үсіген.
Қолдарың тимей,
Қан ақса көзден түсінем.
Әрқайсың жүрсің,
Шәуілдеп жүрген күшік ең,
Бір ауыз жылы сөз айта алмасаң, ағайын,
«Шаруаң бір түссе, недеген, неткен пысық ең».
Барына қуан,
Бағала бала жұртыңды.
Сығалап қойып, ақ тілек айтпау біртүрлі.
Ағаны іздеу сендерге қалып боп кеткен,
Қаны мен жының толғанда ғана ұртыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері