Туған күн
Бұл бетте «Туған күн» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қуаныш күн, ақ таңмен ере келген.
Құдайым айырмасын берекеңнен.
Қабыл ал ағайынның ақ тілегін,
Құттықтаймын меншікті мерекеңмен.
Таразының мән беріп салмағына.
Азамат бол, ісі сай талғамына.
Текті елдің ұрпағысың ту ұстайтын,
Қасиетті тегің бар ар жағыңда.
Бақыт күнің көп болсын берекелі.
Көркем мінез ерлерді ер етеді.
Бір өлең арнамасам болмас дедім,
Ескеріп бұл атаулы мерекені.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі