Бұл бетте «Егеменім!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Егеменім, атың қандай ерек бір.
Алладан соң,
Алаш жұрты демеп тұр.
Әр өлеңді жазу үшін адамға,
Керек екен себеп бір.
Шаңырағы,
Елін сүйген алаштың.
Жаңа тарих, жаңа бетін жаңа аштым.
Шын асылға бұйырады тізгіні,
Оған неге таластың?!
Әңгіменің төркіні де осы ара.
Уақыт зулап бара жатыр, тоса ма?
Шерағамның айтқан сөзі бар еді,
-Егеменнен бұйырса – деп – босаға.
Майталмандар толып жүр-ау ішіңде.
Жақсылардың жолын жалғау үшін де.
Аққу болып ұшып кеттім мен сенен,
Қайырлы қош, түсімде.
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі