Өмір деген – Абзал Бөкен

Бұл бетте «Өмір деген» атты Абзал Бөкен жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2252
Өмір деген – іші айғай,
сырты шу,
Көп нәрсеге, жоқ нәрсеге қырқысу.
Қоңыр белде көк серкені тартысу,
Көңілдерді көйлек етіп жыртысу.
Өмір деген – қуану һәм қайғыру,
Күнді көздеу, аспандағы айды ілу.
Тәңір қосса таққа міну.
Қоспаса,
Мінгендерді мінісінен тайдыру.
Өмір деген – жұтқан сайын тоя алмау,
Ұтқан сайын ұтсам деуді қоя алмау.
Атақ десе алтын басың айналып,
Ақша десе араныңды жоя алмау.
Өмір деген – тыныштықтан безіну,
Безінусіз тірлік жоғын сезіну.
Бота болсаң дәу болам, – деп талпыну,
Жота болсаң тау болам, – деп көз ілу.
Өмір деген – өмір бойы асығу,
Ақылға емес, аңғалдыққа масығу.
Қабыланнан қатер күтпей,
Киіктің
лағы боп оған барып қасыну.
Өмір деген – килігісіп төтен дау,
Бөктерінен, өткелінен өте алмау.
Бақ-дәулетін кешіп жүріп,
Бірақ та,
сол өмірдің қадіріне жете алмау.
Өмір деген – бөктерілу, бөктеру,
Бөктерем деп суға түсу, отқа ену.
Күйіп, жану, сүйіп, налу...
Сонан соң
Бұл өмірде болмағандай жоқ болу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір деген өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Өмір деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір деген өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері