Диогеннің дегені – Абзал Бөкен

Бұл бетте «Диогеннің дегені» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1641
Сұрамайтын сұғынып ештеңені,
Сұңғылаға не берді өскен елі?
Дүмді патша кегенде,
Диогенің
баспанаға айналған бөшкеде еді.

-Жалғау үшін кеп тұрмын үзігіңді,
Білдір, – деді билеуші, – үзіріңді.
Қыздырынып отырған күн көзіне
Кемеңгердің кермиық жүзі күлді;

Төресіне төндіріп тамыздығын,
Ақылманның айтқаны аңыз бүгін:
«Қалқаламай күн көзін былай тұршы,
Бұдан өзге жоқ, – деді, – арыз-мұңым».

Сарайынан сабылып ұлық кепті,
Ұлықпын, – деп жаппасын тұнық көкті.
«Балық» солай бөшкеде бұлқынған соң,
Беттей алмай Зұлқарнай жүріп кетті.

Алыс жақтан аңқыған Арқаға ана
Астарын ұқ аңыздың, қалқа-бала.
Сен Македон емессің,
мен Диоген,
Күннің көзін, ендеше, қалқалама.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Диогеннің дегені өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Диогеннің дегені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Диогеннің дегені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Диогеннің дегені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері