Диогеннің дегені – Абзал Бөкен

Бұл бетте «Диогеннің дегені» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1684
Сұрамайтын сұғынып ештеңені,
Сұңғылаға не берді өскен елі?
Дүмді патша кегенде,
Диогенің
баспанаға айналған бөшкеде еді.

-Жалғау үшін кеп тұрмын үзігіңді,
Білдір, – деді билеуші, – үзіріңді.
Қыздырынып отырған күн көзіне
Кемеңгердің кермиық жүзі күлді;

Төресіне төндіріп тамыздығын,
Ақылманның айтқаны аңыз бүгін:
«Қалқаламай күн көзін былай тұршы,
Бұдан өзге жоқ, – деді, – арыз-мұңым».

Сарайынан сабылып ұлық кепті,
Ұлықпын, – деп жаппасын тұнық көкті.
«Балық» солай бөшкеде бұлқынған соң,
Беттей алмай Зұлқарнай жүріп кетті.

Алыс жақтан аңқыған Арқаға ана
Астарын ұқ аңыздың, қалқа-бала.
Сен Македон емессің,
мен Диоген,
Күннің көзін, ендеше, қалқалама.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері