Керек емес басқасы
Бұл бетте «Керек емес басқасы» атты Шоқан Ислам жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жерде қалай аспанда да дәл солай,
Хан қызындай құлпырасын ханшадай.
Маған енді керек емес басқасы,
Бір сен үшін тау қопарам жасқанбай.
Сенің көзің тау суындай тап-таза,
Сенің көзің ерекше де басқа да.
Маған енді керек емес басқасы,
Өзің ғана болсаң деймін жанымда.
Менің ғана болшы жаным жарығым,
Алыс-жақын қарамашы барлығын.
Маған енді керек емес басқасы,
Алып ұшқан сезім отың жандырдың.
Аллам маған адал жанды сыйлаған,
Ата-анасы ең керемет сыйлы адам.
Маған енді керек емес басқасы,
Жүрегіміз бірің бірі таңдаған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі