Бұл бетте «Балдырған» атты Бақыт Исаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талай бала жаздырып,
Үйлеріне алдырған.
Журналы ғой сүйікті,
Оның аты «Балдырған».
«Балдырғанға» шығады,
Түрлі әңгіме, ертегі.
Қиялыңды жетелеп,
Білімге ол ертеді.
Түрлі-түсті бояумен,
Ғажап сурет салдырған.
Шуақ сыйлап ән-жырмен,
Санаңда ізгі ой қалдырған.
Ашқан сайын қызықтар,
Журналда көп қызық бар.
Баурап алып кететін,
Кроссворд, түрлі сызықтар.
Міне, осындай әдемі,
«Балдырғанның» әлемі.
Өздеріңе арналған,
Аға, апайлар сәлемі.
Жаздырып алып, балалар,
«Балдырғанды» оқыңдар.
Үйреніп одан көп нәрсе,
Ойларыңа тоқыңдар!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі