"Абай жолы" романы бойынша Абай бейнесі
МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНДАҒЫ «АБАЙ БЕЙНЕСІ»
Екпінқызы Еркежан Семей қаласындағы Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта
білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы
Ұлы Абай, шыққан текті әулетінен,
Жасынан дарланды қабілетімен.
Он үшін де араласып ел ісіне,
Жастай билік жүргізді өз бетімен.
Әкесі үміт артып, тапты шешім,
Ер жеткенде алар деп ұлттың көшін.
Он жасынан білім ап Семейдегі,
Ахмет Риза бітірді медресесін.
Зеректігі үстем болып басқадан,
Он жасынан өлең жаза бастаған.
Әділдікті ту ғып ұстап бойына,
Адалдық пен елге үндеу тастаған.
Көсегесі билікте көгергенмен,
Сөз алса, тура айтып бөгелмеген.
Көлеңкелі тұстарына сәуле шашып,
Көркем сөз, жеткізді ол өлеңменен.
Көзімен көрді өмір бұралаңын,
Жаратқан күнде бермес сұрағанын.
Оқып, зерттей бастады өз күшімен,
Жатқа танып, Шығыс, Батыс, мұраларын.
Ұлы Абай, ойлы, зерек, оқымысты,
Жалынды жырларының оты күшті.
Алысып мыңмен жалғыз тек бір өзі,
Бағындырды талай-талай бекіністі.
Қара өлеңнің қаймағын халқыменен,
Бірігіп, у болсада қосып ішті.
Ұрпаққа үлгі болған Ұлы ақынға,
Ұлтының зары болды өкінішті.
Тіледік бабамыздың тойын хақтан,
Ұлы той құтты болсын болып жатқан.
Жырлады ақиқатты мойымады,
Тисе де қанша таяқ, сойыл батпан.
Бабамды ұлылығын паш етіп тұр,
Тас мүсіндер әр қалаға қойып жатқан.
Ұлы бабам, ақын Абай, хәкім Абай,
Елі үшін айта алған ойын батпан.
Бабамыз мәңгі тірі ұрпақ үшін,
Алты құрлық әлемді мойындатқан.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі