Мұқағали Мақатаев мүсiнi маңында

Бұл бетте «Мұқағали Мақатаев мүсiнi маңында» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1170
Мыс алдында талай рет сыналды алтын,
Мін тағуға асылға құмар ма әркім?
Мұзартына қонғаны өлең-шыңның,
Мұзбалақтың айыбы шығар, бәлкім?!

Мына дүние жалған ғой жалған десе,
Мәнзүр болмай* көз шығы тамған кеше.
Мезгілінде оқ атар,
мәңгілікке, –
Мүлгіп кетсең жыр арнар жандар неше.

Махаббатшыл сезімнің дері көпті,
Музасын Ол өмірлік серік етті.
Марапатын көре алмай тірісінде,
Маңдайынан сипамай өмір өтті.

Мейманы – өмір бүгінде жаны азатта,
Марқайып жүр ме екен Ол ана жақта?
Мойығанда келмеске кетіп еді,
Мұң шағар жан болмады да қазақта.

Мұңын айтып, иілмес қайыңға асқақ,
Мақұл көріп, ақынның жайын растап,
Мың жапырақ жүректі талға айналып,
Мүмкін, жанын жіберді Ол айырбастап.

Мекен бе екен, жер деген оғаш* талға,
Мекен бе екен көр деген? Ол аспанда!
Майгүлімен қарайды көктен кейде,
Мүшайрасында өзінің Таласқанға.

Мыс алдында талай рет сыналды алтын,
Мін тағуға асылға құмар ма әркім?
Мұзартына қонғаны өлең-шыңның,
Мұқағали айыбы шығар, бәлкім?

*Мәнзүр болмай – елеп-ескермеу.
*Оғаш – дара, бөлек, жеке, оқшау


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағали Мақатаев мүсiнi маңында өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Мұқағали Мақатаев мүсiнi маңында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқағали Мақатаев мүсiнi маңында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқағали Мақатаев мүсiнi маңында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері