Бұл бетте «Қыз деген» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыз деген гүл - өсетін жүрегінде ердің,
Қызғалдақтай кіргізер реңін жердің!
Қыз деген жыр - сүйдіріп шайыр ететін,
Шабыт сыйлап қайғыңды шайып өтетін!
Қыз деген күн - жылытар, күлімдесе егер,
Жыламаса екен, ешқашан түңілмесе екен!
Қыз деген түн - жұлдызды, айлы аспан жарық,
Періште боп түсіңе жайғасқан барып!
Қыз деген бақ - бір қонар, ұшырып алма,
Қысып ұста уысыңды, түсіріп алма!
Қыз деген пәк - танығай, сүйінішім деп,
Қыз деген ол жаралған сүю үшін тек!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі