Өткен өтті – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Өткен өтті» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2043
Өткен өтті, бәрі де құрысыншы,
Көктем келді, жаныма нұр ұсыншы!
Мұң ұсыншы тәп-тәтті, жыр ұсыншы,
Күн ұсыншы, тоң жүрек жылысыншы!

Есіңе ала бермеші өткенді енді,
Біз ұнатқан қайтадан көктем келді.
Қол ұсынам, өтінем, қайтармашы,
Асқақтасын арманым көптен бергі.

Керегі жоқ басқа бақ, басқа ғұмыр,
Сенсіз аспан шуағын, шашпады нұр.
Теңізіме қарашы толқып жатқан,
Көзімдегі жүректің жастары бұл.

Бірімізге қалыппыз жандай бөтен,
Шешіміміз сол кезгі болды-ай бекер.
Мені ұмыта алмайсың, мен де өзіңсіз,
Мына өмірді еш сүре алмайды екем.

Жалған ба еді, бақыттың құны тайып,
Тағып келдік тағдырға қырық айып.
Қарсы жүзіп ағысқа көрейікші,
Келші жаным, бәрін де ұмытайық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен өтті өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Өткен өтті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткен өтті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен өтті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері