Біздің көңіл қайда жатыр – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Біздің көңіл қайда жатыр» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 0
  • 15789
Ой, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр,
Толқыған он төртінде Айда жатыр.
Ат тұрса, атан тұрса көз салмайтын,
Арғымақ мың теңгелік тайда жатыр.
Қош иісі жарқыратып көңіл ашқан,
Аққұйрық памилный шайда жатыр.
Гүл шашақ, жұпар иісті жайлауында
Көңілім ел қонбаған сайда жатыр.
Қиядан торға түскен ақсұңқардай
Көңілім қапаланған жарда жатыр.
Білетін асыл жайын жан болмаса,
Жаманды не қылайын жолда жатар.
Тапсырдым теріс болсаң бір тәңірге,
Айтатын зарлы сезім толып жатыр...
Сымбатың жас жүректі жандырғандай,
Бриллиант гауhар жүзің сонда жатыр.
Аузыңнан шыққан сөзің тәтті балдай,
Ойласам әрбір қарпі менде жатыр.
Бағаңа асыл, қалқам, не жетеді,
Бес жүз мың алтын қоры сенде жатыр.
Қарпіңді ақ қағазға тартып көрсем,
Жүректің асыл сөзі сонда жатыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің көңіл қайда жатыр өлеңінің авторы кім?

Ақан Сері Қорамсаұлы‎ — осы өлеңнің авторы.

Біздің көңіл қайда жатыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің көңіл қайда жатыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақан Сері Қорамсаұлы‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің көңіл қайда жатыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар