Кәрілік – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Кәрілік» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 3
  • 13478
Дүниенің мысалы,
Бұтаққа қонған сауысқан.
Ұшып жүріп шықылықтап,
Өлексе жеп тауысқан.
Келеріңде сұлусың,
Ғашықтай боп қосылған.
Кетеріңде қызыл түлкісің
Шошыған қатты дауыстан.
Бір қалыпта тұрсаң не етеді?
Кетесін шығып уыстан.
Ақырында кісіні
Шал етесің құрысқан.


Пікірлер (3)

Жазира

Ақан серінің өлеңдерін жас кезде мəн бермей оқыппын, казір оқып отырып көп ойландым өте жақсы жастарға ой тастайтын өлеңдері бар осыларды жариялаған азаматтарға ризамын

Мурат

Осы Акан Серинин "куш алам колымдагы таягымнан" дегег олен шумагынын аты кандай мумкин болса айтып жиберсениздер.рахмет

Myrza

Өте тамаша!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері