Бұл бетте «Ілестім. Жеткізбедің» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ілестім. Жеткізбедің.
Амалын текке іздедім.
Қалада қыз көп, бірақ,
Дәл сендей жоқ қыз дедім.
Ұнаттым. Мән бермедің.
Әйтеуір тең көрмедің.
Періште Жерде болса,
Сол үрлік – Сен дер едім.
Зеризат – асылымсың,
Перизат – ғашығым шын.
Қайрылып жұмбақ жан-ау,
Айтшы осы... осы кімсің?
Осынша мазамды алар,
Бояу ма-ең көз арбанар?
Өзіңе душар етті,
Күнәм – сан.
Жазам болар?
Қол создым. Тигізбедің.
Ерніңнен сүйгізбедің.
Іштім-ай сосын барып,
Шықпады мүйіздерім.
Тартасың кеп күштей бір,
Магниттей келгіштеймін.
Рұқсат ет, ұмытайын,
Болмады. Енді ішпеймін.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі