Жаңбырлы түн – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Жаңбырлы түн» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1221
Барар жер жоқ, сезбесе екен күйімді ел,
("Өз-өзімді" қуғам кеше үйімнен).
Жаңбырлы түн.
Аспан жатыр шатынап,
Қала жатыр, қара киім киінген.
Жаңбырлы түн.
Ақ тамшылар дабыры,
Жарқылдайды Көктің қызыл тамыры.
Үйге сыймай кетіп едім мен кеше,
Көше-дағы сыйдырмастай, тәңірі.
Кетіп барам, бағытым да белгісіз,
Бір арман бар еш байлыққа бергісіз.
Вокзал жаққа жетіп алсам болғаны,
"Арман қуған" жоғалады дермісіз?
Вокзал жақта адамдар жоқ қуатын,
Адамдар бар мұңыңды айтпай ұғатын.
Қайыршы бар қарсы алып шын шығатын,
һәм көбелек күліп үнем тұратын.
Асыр сап тұр, биле, биле, биле түн,
Ей тамшылар, ақыныңның сүй бетін!
Кетіп қалам басқа шаһар, басқа елге,
Қай аймаққа жіберері билетім.
Жаңбырлы түн.
Көктем соңы, жаз басы,
Су-су болған асфальттар таз басы.
Қолшатырсыз жаяулатқан жолаушы,
Талас жауған қара бұлттың көз жасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырлы түн өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырлы түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырлы түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырлы түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері