Азаптансам, гүлдер еске түседі

Бұл бетте «Азаптансам, гүлдер еске түседі» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1547
Азаптансам, гүлдер еске түседі,
Ләззаттансам, гүлдер еске түседі.
Олар менің көз жасым мен күлкімді,
Қауызына құйып үнсіз ішеді.
Қиялы өндір шағымнан-ақ тым балғын,
Гүл біткеннің келбетіне құрбанмын.
Әр қырқада ашылғанда, мұңдандым,
Әр табанда шашылғанда, жындандым.
Қызыл гүлдер қызғанышым, күйігім,
Сары гүлдер сағынышым, биігім.
Апарады деп жүріппін жұмаққа,
Осыншама өртенуім, сүюім.
Қайсы гүлдің қауызында өмірім,
Қайсы гүлдің қауызында өлімім?
Көтеремін,
Қотарыңдар көземе,
Бірінің де қалдырмаймын көңілін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азаптансам, гүлдер еске түседі өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Азаптансам, гүлдер еске түседі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азаптансам, гүлдер еске түседі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азаптансам, гүлдер еске түседі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері