Тоғысар түбі бағыты бірге – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Тоғысар түбі бағыты бірге» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 904
Тоғысар түбі бағыты бірге,
Сен едің ерке өзенім.
Ақ маржан шашар шабыты гүлге,
Тентек Текестің өзі едім.
Тасты да көміп,
Жарды да көріп,
Жабыққанды жұрт біле ме?!
Екі өзен екі арғымақ едік,
Жарыса шапқан Ілеге.
Қаншама бұлақ тастардан асып,
Тілдесті сенде бай Ілем.
Жұлдызға жуық,
Аспанға ғашық,
Шабыты бұрқы шайыр ем.
Махаббат едің шықтан да мөлдір,
Сағынышы едің сәуірдің.
Талғамы биік бұлттан да зеңгір,
Табиғатыңа ауырдым.
Көзіңе керім түнеген арай,
Мінезі мамыр маралым.
Асығайықшы Ілеге қарай,
Арнама сыймай барамын!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері