Ай - жалғыз, мен де
Бұл бетте «Ай - жалғыз, мен де» атты Үміт Шәріпова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Еріксіз қимай батты күн,
Түн келді үнсіз қарсы алдым.
Ұзатып салып жолдарды,
Шамдары жанды вокзалдың.
Қараңғы жүзін жасырды,
Сағыныш, сағым, арманның.
Түнменен бүркеп сезімді
Сағынышыммен қалғанмын.
Айқаспай қойды кірпігім,
Жанымды торлап кесте мұң.
Қалады жаным, жүрегім,
Самалдың еппен ескенін.
Ай - жалғыз, мен де - жалғызбын,
Мұңайып батты күн бүгін.
Көтеріп тастап келші енді,
Сағынышыңның түндігін...
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі