Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Махаббат, қандай күйге салдың мені

Бұл бетте «Махаббат, қандай күйге салдың мені» атты Мұрат Шаймаран жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2091
Махаббат!
Қандай күйге салдың мені?!
Құндағыңа алдың да əлдиледің,
Нəрестедей аймалап, сүйіп-құшып,
Сосын мен кеттім алыс биікке ұшып.
Мың жүрекке тіл қатып көздеріммен,
Сенен өзге дүниені сезбедім мен,
Сезбедім мен бақытты кездерімде...
Бойыма жан ыстығын қуат қылдым,
Құшағыма ап мен сені,
О, махаббат!
Қуаныштан егіліп жылап тұрдым.
Сонда мен ессіз ғашық екенімді,
Дариға-ай, бірақ білдім.
Махаббат!
Қандай күйге салдың мені?!
Баянды боп тұрмады шырақ сезім,
Өзен кеуіп, суалды бұлақ көзі.
Кеудемді асау қайғы ұрғылады,
Сонда мен тұңғыш сездім шын жылауды.
Көкірегімде көлкілдеп нала жатты,
Шыр айналып аспаным бара жатты...
Махаббат!
Қандай күйге салдың мені?!
Ес жидым,
Сосын менің бар білгенім –
Мəңгілік қасіретім боп қалдың менің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат, қандай күйге салдың мені өлеңінің авторы кім?

Мұрат Шаймаран — осы өлеңнің авторы.

Махаббат, қандай күйге салдың мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат, қандай күйге салдың мені өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат, қандай күйге салдың мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері