Сары қурай – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сары қурай» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1072
«Сары қурай сыбызғы кесіп алдым,
Сағынғанда қалқаны есіме алдым.» — халық өлеңі

Сары қурай сыбызғы кесіп алма,
Сағынба да сен мені, есіңе алма.
Өкінгенмен не пайда,өтеді өмір,
Іздеп келе алмаса есі барда.

Тас лақтырып қусам ба, тазы-мұға,
Әлде бұл мұң – бітпейтін азығым ба?
Сары қурай сызылып неге өсті екен,
Біздің ғана ауылдың жазығында?

Тепкіленер бұрқырар буы,бұлақ,
Бек қазушы ек беткейден, жуынып ап.
Сары қурайға қол созар, бейтаныс жан,
Мүйіз сапты қайшысын суырып ап.

Сары қурайға неліктен құмар бұлай?
Іздеп кепті алыстан шыдам қылмай.
Сыңсып қоя беретін соқса самал,
Сағыныштан жаратқан шығар құдай.

Сары қурайдың кім білсін киесі не?
Сары далам түседі жиі есіме.
«Бұйымтайың осы ма»дегендейін,
Ат бас шайқап қарайтын иесіне.

Сары тезектің отында шай қайнаған.
Атам шертер сыбызғы қайғы ойлаған.
Сағынудың дертінен шыдай-шыдай,
Біреу көрсең, ол – менмін айғайлаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сары қурай өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сары қурай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сары қурай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сары қурай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері