Көзіме бір көрінсең – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Көзіме бір көрінсең» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1253
Не болар сағынышты сарқып алса,
Сезімді өзге біреу тартып алса?
Қасыма кел демеспін, жолдар жабық,
Көзге бір көрінудің нарқы қанша?!

Арқалап жүргендеймін ғасыр әнін,
Тербетер жүрегімді жасыл ағын.
Кірпікпен таңғы арайды түріп ашып,
Саусақпен кеш шапағын батырамын.

Төбемнен бұлт өтеді төкпелетіп,
Бір жолғы иігені көпке жетіп.
Қарауға еккен гүлге зауқым болмай,
Мен жүрмін табиғатты өкпелетіп.

Ғажап күй тыңдағандай домбырадан,
Көңілден кететін ед сол бір алаң.
Жанарды жарқ еткізіп, бір көрініп,
Сонан соң, кетіп қалсаң болды маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері