Бұл бетте «Мәңгілік сағыныш» атты Қайрат Ахмер жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мекен етіп туған ел қалашығын,
Аман-есен жүрмісің, қарашығым?
Ару едің ақ қанат, ақ періште,
Қондырмаған арына қара шыбын.
Аман-есен жүрсің бе, қарашығым?
Сен қырда өскен гүл едің бұлғақтаған,
Мен қырда өстім жүзімді күн қақтаған.
Алатаудың төкпелі нөсеріндей,
Сағыныш бар көзіңді құрғатпаған,
Сен кырда өскен гүл едің бұлғақтаған.
Мен көргендей ауылың қош аман ба,
Қол жетпейді, дариға-ай, қашағанға.
Ағыл-тегіл жыр жазып дүркіретем,
Өзіңді аңсап көңілім босағанда,
Қол жетпейді, дариға-ай, қашағанға.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі