Шөлді кезем сен үшін – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Шөлді кезем сен үшін» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1041
Келем деп ең – келмедің,
Хабарыңды бермедің.
Қалды дейсің, жаным-ау,
Сенен басқа менде кім?
Сағындырдың соншалық,
Мен отырмын томсарып.
Шөлді кезем сен үшін,
Қара нарға қом салып.
Сағындырып сан атың,
Жанардан жас таматын.
Көкті кезем сен үшін,
Сұрап құстың қанатын.
Обал – сезім текке өлсе,
Сүю керек тек менше.
Сағынамын мен сені,
Жер астына жеткенше...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөлді кезем сен үшін өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Шөлді кезем сен үшін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөлді кезем сен үшін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөлді кезем сен үшін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері