Бұл жерде тыныштық, салады бұлбұл ән – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бұл жерде тыныштық, салады бұлбұл ән» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 787
Бұл жерде тыныштық, салады бұлбұл ән,
Ағады бұлақтар жағаға еркелеп.
Шаттықтан сезбеймін, уақытты жылжыған,
Бақытпен қоштасқым келмейді ертерек…
Жер – менің мекенім, терезем – ақ аспан,
Терезем тұрса екен жарқырап, кірлемей.
Қайтыңдар, достарым, жолдардан адасқан,
Қастықтың, өштіктің шоқтарын үрлемей.
Көз алдым – тарихтар жасаған көп елес,
Жатқандай жалғасып, бүгін мен өткендер.
Жұмыр жер! Тіршілік… ойнайтын доп емес,
Аяқпен, адамзат, өтінем теппеңдер!
Бұл жердеи тыныштық, аулаймын сұлулық,
Жалғандық құрмайды шындыққа шымылдық.
Әлемде жатады екен ғой шарпысып
Махаббаттармен – қаталдық, зұлымдық!
Еліңнің осынау ұлысың, қызысың,
Тимесін ажалдың сендерге оғы ұшып.
Өмірін құрбан қып, әкелер біз үшін,
Бұл жерге орнатқан тыныштық, соғысып…
Ұрпаққа жалғасқан жеңістей мәңгі ән бар,
Жүрекке өмірдей ол деген тым ыстық.
Ақырын… ақырын… оятып алмаңдар,
Бұл жерде – тыныштық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл жерде тыныштық, салады бұлбұл ән өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бұл жерде тыныштық, салады бұлбұл ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл жерде тыныштық, салады бұлбұл ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл жерде тыныштық, салады бұлбұл ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері