Бұл бетте «Ғажап па едің, ей, өмір?!» атты Алма Түсіпбекова жазған өмір туралы өлең берілген.
Арқау болдың жыр-ағынға,
Тұнжыратса тұнық түн.
Құшағыңа құладым да,
Бар мұңымды ұмыттым.
Ұмыттым мен бар мұңымды,
Сездім өмір кеңдігін.
Тарғыл түсті тағдырымды,
... Сүйіп қалдым мен бүгін!
Жарып шықты жүрегімді,
Сезім деген бір шыбық.
Қабыл еткен тілегімді,
Керемет пе ең, тіршілік?!
Көзге жас ап жәудір аспан,
Дейді - өмірді сүйе біл!
Махаббатпен маужыратқан,
Ғажап па едің, ей, өмір?!
Жаным осы қалып-күйді,
Көтерумен тұр әрең.
Бізбен бірге талықсиды,
Мазасыздау мына әлем.
Бақыт!
Қандай байтақ, ұлы?!
Ақыл-естен жаңылдым.
Азабының қайтарымы –
Бар екен ғой, Тәңірдің!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі