Cөз – Ардақ Нұрғазұлы

Бұл бетте «Cөз» атты Ардақ Нұрғазұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 719
Империядан қалған сарайдың төбесінде тұрған жалау тыныш
Сезеді алыстан дауыл көтерілгенін
Мерекеден кейінгі алаң қаңырап бос тұр
Тереңде жүзген адамның теңіз түбіне түскен көлеңкесі секілді

Шырмауық гүлдің сабағында дамылдаған күндер
Қауашағын түнде ашады
Өзенді кері бойлап жүгірген балалық шағым
Аққан жұлдыздармен жарысып барады

Сіріңкенің бір тал шрпысын тұтатқанда, Тарих,
Ақ қағаздың бетіндегі қара ноқат жарқ ете қалады
Із аңдыған қара мысық қараңғыда үнсіз тың-тыңдайды

Түсімді жұмарлап, ұсақтап жыртып
Аспанға шашып жібердім
Өмір бойы жатыққан бір күйді ақыры шертіп болып
Ақырғы рет шанақты қағып тоқтағандай
Шексіз биіктен қапалақтаған ақ жоңқа, ақ қарға
алақанымды тостым

Сөз
Табақтың шеңберін бойлап жүйіткіген құйын
Ұмытудың соңынан қуып барады
Сөз
Қараңғыда аз кідіре тұршы
Шуағың шеңбердің шегіне жетсін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Cөз өлеңінің авторы кім?

Ардақ Нұрғазұлы — осы өлеңнің авторы.

Cөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Cөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ардақ Нұрғазұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Cөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері