Шешеміз – ағаш

Бұл бетте «Шешеміз – ағаш» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1005
Бір тал жапырақ, жалғыз сояу,
Жоғалмайды бір бүршік –
Бір түйір тозаң,
Бір тамшы бояу.
Теседі бері
Айыр бұтағының
Ет қабатынан.
Тұқым қуалайды,
Айнымайды ата затынан.
Қара жердің қыртысы
Қақырап жыртылған.
Ескірме бір жұтым себезгі
Шөлдеп жұтылған.
Ағаштың қуыс өзегі,
Сырты қатып
Оянады бір шыбын
Сол қуыста бір қыс жатып.
Қыпшақ қойған атын –
Ағаштың қыпшағында туған
Әкесіз жетім –
Шешеміз – ағаш
Біз сол ағаштың баласымыз,
Ағаштың сүтін еметін.
Бір тал жапырақ ащы дәм
Жұмсақ таңдайдағы;
Сірі қабық сонан қалған
Әжімі ғой ағаштың – маңдайдағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шешеміз – ағаш өлеңінің авторы кім?

Омарғазы Айтанұлы — осы өлеңнің авторы.

Шешеміз – ағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шешеміз – ағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Омарғазы Айтанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шешеміз – ағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері