Ертең не болар – Омарғазы Айтанұлы

Бұл бетте «Ертең не болар» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1191
Ертең не болар,
Кім бар үй сыртында?
Ұқсайды кешкі іңір
Сәуірдің бұлтына.
Бүгін...
Дәл бүгін – осы күн
Былтырда ашық тұрған.
Екі жолаушы секілді
Бір ауылдың екі бойжеткені
Бірін-бірі асықтырған.
Бәлкім ертең боран соғар,
Шарқая кемпір немересін ұрып.
Күн жайлатар ма екен
Семіз бәйбіше мезгілсіз іргесін түріп.
Әттең, ертең!
Күйеу келіп,
Әттең, бір келін түсірілсе!
Не болар?
Өзгеге ашты,
Өздеріне неке суы іштірілсе!
Апырау, ертең табыт тұрар ма?
Несі екен
Жалғыз бөкен ен далада шаңырқап.
Бір жөні болар, қайтейік енді
Бәріне бірдей жабырқап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері