Бұл бетте «Жеңіс күні» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеңіс күні көрмедім тайсалғанды,
Алақайлап жуас та қайсарланды.
Кедірбұдыр сөйлейтін бригадир де
Кешегіден біртүрлі байсалданды.
Бұрылмайтын аса көп сәлемдесіп,
Басқарма да жұмсарды әлемдесіп.
Қарттар да оған кешірді төрт жылдағы
Жүрген ісін сыртынан «пәлен...» десіп.
Тек бір шалда өзгеше жария бар,
Сақалмұрты тоғайдай қар ұялар.
Үш ұлының оққа ұшқан қасіретінен
Көкірегінде көлкіген дария бар.
Анамда да бар менің біраз күдік,
Қуанышта реніш тұрар бүгіп.
«Қара қағаз» дегенге төрт қарады,
Той жасады жасырын жылап жүріп.
Сол қағазға бар сырын айтып қана,
Сандығына салмады қайтып қана.
Қамзолының жүрді жан қалтасында,
Бар жиһаздан үйдегі артықтана.
Жанға батқан елемей жарадертті,
Үлгі болды бұзбауға ана сертті:
Көз жұмарда ақырғы тілегі еді,
Сол қағазды өзімен ала кетті.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі