Оңбайды ақынды атқандар – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Оңбайды ақынды атқандар» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2320
Қыранға оқ жұмсау қатерлі,
Жұмсаған... шын сұмдық әкелді.
Қай мәңгүрт қиды екен ажалға
Адамзат сұңқары Сәкенді?
Аз емес дауылпаз тартқан зар,
Тар кезең, көк тайғақ шатқалдар.
Аққуды атқандар сияқты
Оңбайды ақынды атқандар,
Оңбайды ақынды сатқандар!
Қарақшы қалт етпес, сақ па екен,
Қамығып қалды ғой шат мекен.
Қазақтың құлагер ақыны
Ілиясты қай сотқар атты екен?
Мерт болды тым оза шапқандар,
Тез сөнді шамшырақ жаққандар.
Тұлпарды соққыға жыққандай,
Оңбайды ақынды атқандар,
Оңбайды ақынды сатқандар!
Сұм тағдыр сұқ көзі қадалды,
Тағы бір өр қазақ қамалды.
Қай сатқын атты екен Мағжандай
Жондағы жолбарыс­адамды?
Ел үшін, жер үшін сақтаңдар,
Ақынға жаман ат тақпаңдар.
Тұраның, ұраның сол еді,
Оңбайды ақынды атқандар,
Оңбайды ақынды сатқандар!
Ақтарсам көкіректе бар дертті,
Дербестік дабылы дәл жетті.
Көгілдір туымнан көріңдер
Міржақып, Жүсіпбек, Ахметті.
Ауылдың иті боп қапқандар,
Сендерден тарқады тартқан зар.
Дүлдүлге өшіккен дүлейдей,
Оңбайды ақынды атқандар,
Оңбайды ақынды сатқандар!
Оңбайды ақынды атқандар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оңбайды ақынды атқандар өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Оңбайды ақынды атқандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оңбайды ақынды атқандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оңбайды ақынды атқандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері