Ақындық алтын тұғыры
Бұл бетте «Ақындық алтын тұғыры» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлеңмен ғана жүрер ем
Кей ақынша күнелтіп,
Қатыгез соғыс дүрбелең
Қаусатты елді жүдетіп.
Кенші болдым содан мен
Байытам деп қазақты.
Жаһанаммен болар тең,
Қисапсыз шектім азапты.
Салғандай тұсау асауға,
Он жылдай қаздым кенімді.
Мақтаныш етем қашанда
Кеншілік деген тегімді.
Еңбектің сол ғой жойқыны,
Адамның көркін ашқызбақ.
Күміс пен жезім толқыды,
Қопарған кенім тасқындап.
Жасаудан сақпын жансебіл,
Таутаспен ашық егестім.
Құдайға шүкір, әйтеуір,
Мен жалаң ақын емеспін.
Жинаған ойлар жеркөктен,
Өлеңім –
Өмір сабыры.
Айқаспен келді тер төккен
Ақындық
Алтын тұғыры.
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі