Заман дерті – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Заман дерті» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2543
Арал кетті...
Адамдар, Арал кетті,
Оны жұтқан сорақы заман кетті.
Онсыз­дағы онша емес елдің күйі,
Теңіз құрғап...
Ұлғайтты­ау маған дертті.
Қарсы алатын қақ жолда сүйіп мені,
Көрінбейді Сарыарқа киіктері.
Басқа жерге келгендей басым қатты,
Басылмай тұр жанымның күйік­шері.
Қай қияда,
Қай апат­бүлік жеттің,
Сахарада Мәжнүннің күйін шектім.
Кең далада бір киік көрмеген соң,
Бірге құрып кетердей күйік шектім.
Көп жұлдызға қараймын биіктегі,
Елестейді біздің ел киіктері.
Өріп жүрген секілді жерге қарап,
Кездесуге үзілмей үміттері.
Көк аспаннан алмаймын көз қиығын,
Әнге қосып арнаушы ем сөз биігін.
Қалай шыдап жүр екен күйіп кетпей,
Арасында жез қанат жезкиігім?
Заулап келіп,
Алқа бел қырдан асып,
Күндер қайда сырласар мұң тыңдасып?
Қаптап жүрген киіктер ғайып болды,
Кетті ме екен Аралдың құмы басып?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері