Жағалбай деген ел болар – Ақтамберді жырау

Бұл бетте «Жағалбай деген ел болар» атты Ақтамберді жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 2
  • 24624
Жағалбай деген ел болар,
Жағалтай деген көл болар.
Жағалтайдың жағасы
Жасыл да байтақ ну болар.
Атадан алтау туғанның
Жүрегінің бастары
Алтын менен бу болар.
Атадан жалғыз туғанның
Жүрегінің бастары
Сары да жалқын су болар,
Жалғыздық, сені қайтейін!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

роза

Керемет

Айнарк

Керемет

Осы автордың басқа өлеңдері