Жылым – жылқы
Бұл бетте «Жылым – жылқы» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жылым – жылқы, ал жұлдызым – таразы,
Жоқ ешкіммен бақталастық, аразым,
Адалдық пен әсемдікті сүйемін,
Айып емес қалта жұқа, мал азы.
Ақындар көп аты кеткен жыраққа,
Мінген де бар машина мен пыраққа.
Сөз қалды ма айтылмаған солардан,
Сыр қалды ма құйылмаған құлаққа?
Айәлемнің бар ақыны керемет,
Мен айтатын жырлар да бар бірақ та!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі