Өмір сынағы – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Өмір сынағы» атты Баянғали Әлімжанов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 10677
Жанталасқан дүние
Жаралайды жаныңды.
Сол жараның уыты
Аралайды қаныңды.
Қозады­ай келіп жындарың,
Ызадан ыза туады.
Абжыландай көрінер
Тірліктің түйткіл сұрағы.
Арамдық, алдау, ақымақтық,
Келеді бәрін сындырғың.
Болмауға тиіс бұлай деп
Ай, әлемге шыңғырғың.
Ашуға бойды алдырсаң,
Ажалдан бұрын өлерсің.
Өмірдің сансыз сынағын
Сабырмен ғана жеңерсің.
Сабыр ғып тазарт жаныңды,
Қаныңды, қуат, тәніңді.
Біткенше демің шырқай бер
Өзіңнің өмір әніңді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір сынағы өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Өмір сынағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір сынағы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір сынағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері