Сабыр
Бұл бетте «Сабыр» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанжағыңнан идея, сұрақ қаптап,
Таптап беріп сенімнен жырақтатпақ.
Андамында алақтап әлсіз пенде
Қалбалақтап құрдымға бірақ тартпақ.
Табанының бүрі бар сабырлылар
Елеске ермей иманнан тұрақ таппақ!
Өтірік қайсы, шын қайсы,
Аруақ қайсы, жын қайсы,
Мәні бар ма өмірдің
Тірліктегі құн қайсы?
«Неге? Неге? Неге?» деп,
Өз миын өзі шегелеп,
Адамзат әлек болғанмен
ЖерАна жылжып барады
Жайымен ғана дөңгелеп!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі